Мықты жұптас-серіктестер шеберлік деңгейін арттырады

07.07.2021

Ақтауда Қазақстанның үстел теннисі шеберлері мен Верхняя Пышмадан шыққан атақты ресейлік клубы Орал тау-кен металлургия компаниясының оқу-жаттығу жиыны өтуде. ОЖЖ бағдарламасында жалпы дене, техникалық, теориялық және психологиялық дайындық міндетті болып табылады. Тәжірибелі тәлімгерлер Евгений Тимченко (Қазақстан), Станислав Злобин (Ресей), Самат Бейсенов (Қазақстан), Илья Жидков (Ресей) бірлескен жиын ұжымның бірігуіне ықпал ететінін, ал мықты жұптас-серіктестер шеберлік пен техникалық-тактикалық дайындық деңгейін арттыратынын атап өтті.

Талап Қойбағаров