Мықты ерлер нәзік қыздарға қарсы

16.09.2020

Үстел теннисінен Қазақстан ашық командалық чемпионатының Жоғарғы лигасындағы бірінші айналымды спорт шеберлері Зәуреш Ақашева, Александра Смирнова, "Қарағанды-2" командасының ойыншылары спорт шеберіне үміткерлер Арай Әшкеева, Жанерке Көшкімбаева сенімді түрде ойнады. 9 матч өткізіп, 7 рет жеңіске жетті және 19 клуб арасында жинаған ұпайлары бойынша 2 орынды "Қазаэронавигациямен" (Нұр-Сұлтан қ.) және "Қостанаймен" бөлісуде. Қарағандылықтардың көшбасшысы Зәуреш Ақашева әңгімелейді: "Өткен маусымда бірінші кезеңнен кейін мен, Настя Лаврова, Алан Құрманғалиев, Темірлан Ким Суперлигаға жолдама алдық, онда тек ерлер командалары ғана өнер көрсетеді. Біздің жігіттер қазір ең мықты дивизионда, ал біз тағы да жоғарғы лигада жарысамыз: онда мықты ерлер нәзік қыздарға қарсы сайысқа түседі. Жалпы мен ер адамдарға қарсы ойнағанды ұнатамын, олар допты көп айналдырады, барлық допты әртүрлі нүктелерден ширатып береді. Әр түрлі жоспарлы, күшті қарсыластармен жекпе-жек шеберлікті және өз күшіне деген сенімділікті арттыру үшін өте пайдалы. Қыздар Қазақстан чемпионатының Суперлигасында да қуана ойнайтын еді".

Талап Қойбағаров