Мықты қарсыластармен күшті тексеру

14.02.2023

14-17 ақпан аралығында Германияда үстел теннисінен WTT Feeder Düsseldorf (Дюссельдорф қ.) өкілдік турнирі өтеді, онда атақты, титулды Лиу Янцзы (Австралия), Мива Харимото (Жапония), Сабина Винтер (Германия), Барбора Балазова (Словакия), Аннетт Кауфманн (Германия), Кристина Каллберг (Швеция), Арчана Камат (Үндістан), Мария Сяо (Испания) сияқты ойыншылар өнер көрсетеді. Қазақстанның атынан Зәуреш Ақашева (Қарағанды), Сарвиноз Мирқадырова (Шымкент), Анастасия Лаврова (Астана) өнер көрсетеді. Қыздарымызға сәттілік тілейік!

Талап Қойбағаров