Мықты қарсыластар - ең жақсы ынталандыру

04.11.2021

5 қарашада Қазақстандық TTC «Astana» (Дастан Кенжеғұлов, Сағантай Құрмамбаев, Санжар Жұбанов, Ырысбек Артұқметов, жаттықтырушы Дмитрий Переверзев), «TT Club Karaganda» (Алан Құрманғалиев, Владислав Захаров, Эрик Райтер, жаттықтырушы Александр Брижевский) клубтары Ресей үстел теннисі Федерациясының (Қазан қ.) командалық чемпионатының I турының Суперлигасында өнер көрсетеді. Үш күн ішінде біздің спортшылар «УОР» (Қазан қ.), СШОР №12 (Самара қ.), «УГМК-УОР» (Свердлов облысының Верхняя Пышма қ.), «КНТ ОСШОР «Тюмень» (Тюмень қ.) командаларымен ойнайды.

TTC «Astana» әйелдер командасы (Сарвиноз Мирқадірова, Зәуреш Ақашева, Анель Бақыт, Ангелина Романовская, жаттықтырушы Евгений Тимченко) қалалық типтегі "Богатые Сабы" кентінде (Татарстан Республикасы) өнер көрсетеді және оның Суперлига бойынша қарсыластары «УГМК-Резерв» (Свердлов облысының жоғарғы Пышма қ.), «Факел-1» (Оренбург қ.), «Казаночка» (Қазан қ.), «КНТ» Тюмень» (Тюмень қ.), «УОР» (Қазан қ.), «Сабы-Татарстан», «ММК-Олимпия» (Магнитогорск қ.) клубтары болады. Қазақстандықтарға сәттілік!

Талап Қойбағаров