Үміт жылы

15.02.2021

Стив Дейнтон, (ITTF) Халықаралық үстел теннисі Федерациясының бас атқарушы директоры 2021 жылда сенімді түрде алға ұмтылады.

"Біз әлемнің осы қорқынышты пандемиядан қалпына келетініне, қайтадан кездесуге, қашықтықпен шектелген ескі достықты қалпына келтіруге, үстел теннисіне қатысты барлық мәселелерді талқылауға және біздің спортымызды әртүрлі деңгейде ойнайтынына тағы да куә болуға мүмкіндік болатынына үміттенеміз. Құрлықтық турнирлерден бастап аймақтық, ұлттық, клубтық және тіпті жолдастық жарыстарға дейін - біз бәріміз үстел теннисін сағындық! 2021 жылға арналған жоспарларымыз, үміттеріміз бен армандарымыз қандай?

Біріншіден, Токиодағы (Жапония) Олимпиада және Паралимпиада ойындары. ITTF осы жазда Ойындар өткізу және үстел теннисі турнирлері үлкен жетістікке жетуі үшін Халықаралық Олимпиада Комитетімен (ХОК) тығыз жұмыс істейді.

Екіншіден, жаңадан құрылған WTT (Әлемдік үстел теннисі) ұйымы жаңа шындыққа бейімделіп, 2020 жылы бірқатар ірі жарыстар өткізді және біз олармен ұзақ мерзімді серіктестік қатынастар орнатудамыз.

Үшіншіден, көп күш-жігер салуға және атқарылған жұмыстарға қарамастан, Пусандағы (Корея) 2020 жылғы әлем чемпионатын тоқтатуға тура келді. Қазір дұрыс шешім тауып, биыл әлем чемпионатын өткізу керек.

Және соңғысы, маңыздылығы жағынан кем болмайтыны: 2021 жыл әлемдік дипломатия үшін тарихи жыл болып табылады, өйткені 50 жыл бұрын үстел теннисі Қытай мен АҚШ арасындағы оң қарым-қатынасты нығайтуға көмектесті. Біз бұл шараны атап өтуге тырысамыз".

ITTF материалдары бойынша