Мереке күніндегі чемпионат

23.04.2024

23 сәуір - Дүниежүзілік үстел теннисі күні Қарағандыда Астана, Алматы, Шымкент, еліміздің облыстарының 26 құрама командасының (12 қыздар командасы, 14 ұлдар командасы) қатысуымен Қазақстанның жастар чемпионаты басталды. Бүгін кіші топтарда ойындар өтіп, медальдар үшін күресуді жалғастыратын финалдық сегіздіктер анықталды.

Ұлдар: Алматы, Қарағанды, Жамбыл, Павлодар, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстары, Астана, Шымкент.

Қыздар: Астана, Алматы, Қарағанды, Түркістан, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды (екінші команда), Павлодар облыстары.


Талап Қойбағаров