Мемлекет басшысы Алматыдағы үстел теннисі орталығында болды

23.03.2022

Алматыда Қасым-Жомарт Тоқаев үстел теннисінің жаңа орталығында болды. Президент спорт кешенінің инфрақұрылымымен танысты, сондай-ақ жас спортшымен үстел теннисін ойнады. Соңында Қасым-Жомарт Тоқаев жас спортшыларға сәттілік тілеп, теннис ракеткасына қолтаңба қалдырды.

Жалпы ауданы 5200 шаршы метрлік орталық, Халықаралық үстел теннисі Федерациясының (ITTF) барлық талаптарына жауап береді: 12 үстелі бар ойын залы, 24-ке дейін ұлғайту мүмкіндігі бар, 6 үстелі бар жаттығу залы, кәсіби еден жабыны, жарықтандыру, 79 адамға дейін орналасқан 39 нөмірлі қонақ үй кешені, мейрамхана, фуд-корт, сондай-ақ тренажер залы, медициналық кабинет, жаттықтырушы және шешінетін бөлмелер, спорттық киім-кешек және мүкәммал дүкені. Зал кәсіби аудио және бейне жабдықтарымен, көрермендерге арналған 328 орындық трибуналармен жабдықталған. Аталған спорт кешенінде республикалық жарыстар, оқу-жаттығу жиындарын, оның ішінде жақын және алыс шетел спортшыларының қатысуымен, сондай-ақ ТМД елдерінің аумағында өтетін (ITTF) Халықаралық үстел теннисі Федерациясының жалғыз турнирі болып табылатын жыл сайынғы "KAZAKHSTAN OPEN" халықаралық турнирін өткізу жоспарлануда.

Құрылыс құны 3 млрд.300 млн. теңге. Бас инвестор ретінде ҚР Үстел теннисі Федерациясының президенті Данияр Әбілғазин болды.

"Мемлекет басшысының Наурыз мерекесі күндері үстел теннисі орталығын ашуының символдық мәні бар. Бұл орталық еліміздің ұлттық, жастар және жасөспірімдер командаларының спортшыларын даярлау базасы және біздің жаттықтырушыларымыз үшін біліктілікті арттыру орталығы ретінде пайдаланылатын болады. Біздің федерация әрқашан инфрақұрылымды нығайтуға және бұқаралық спорт түрлерін дамытуға баса назар аударды, бұл халықаралық спорт ареналарында жетістіктерге де әкеледі. Қарағанды орталығының мысалында әуесқой командалар арасында да үстел теннисінің қандай танымалдығын көріп отырмыз. Мұндай үстел теннисі орталықтары еліміздің басқа қалаларында да ашылатын болады. Сондай-ақ, біз аудан орталықтары мен ауылдық жерлерді спорт түрін дамытуға қажетті спорттық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуді жалғастырамыз. Біздің елімізде үстел теннисінің жақсы дәстүрлері бар және Ұлттық федерация оларды аймақтық өкілдіктермен ынтымақтастықта нығайту жұмыстарын жалғастырады", - деді Қазақстан Үстел теннисі Федерациясының басшысы Данияр Әбілғазин.

Айта кетейік, соңғы бірнеше жылда елімізде үстел теннисінің 20-дан астам бөлімшесі және бүкіл Қазақстан бойынша 15 арнайы зал ашылды. Федерация серіктестерімен бірге Қазақстанның түрлі аймақтарында үстел теннисінің арнайы орталықтары құрылды. 2020 жылы "Saryarka" Қарағанды үстел теннисі орталығы ашылды, ол тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар Орталық Азиядағы алғашқы арнайы орталық. Бір жылдан кейін Павлодардағы "Jenimpaz" орталығы және Тараз қаласындағы үстел теннисі және көркем гимнастика орталығы жұмысқа кірісті. 2022 жылы осындай орталықтарды Өскемен, Шымкент және Ақтөбеде пайдалануға беру жоспарлануда.