Медальдарды жеңіп алып, Олимпиада Ойындарының тарихына енді

05.08.2021

Токио Олимпиадасында үстел теннисінен әйелдер командалық турнирінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды. Финалда қытайлық теннисшілер Чэнь Мэн, Ван Маньюй, Сунь Инша 3:0 есебімен жапондық ойыншылар Ишикава Касуми, Ито Мима, Хирано Мияны жеңіп, алтын медальға ие болды. Жапония құрамасы Рио-2016 "қоласын" Токиодағы "күміске" ауыстырды. Үшінші орын үшін матчта Гонконг (Ли Хо Чинг, Ду Хойкем, Су Вэ Ям Минни) Германияны 3:1 есебімен жеңді.

Қытай құрамасы

Жапония құрамасы

Гонконг құрамасы

06 тамызда олимпиада медальдарын Қытай, Германия, Жапония және Кореяның ерлер құрамалары сарапқа салатын болады.

Талап Қойбағаров