Медальдарға дейін бір қадам

05.08.2021

5 және 6 тамызда Токиодағы (Жапония) жазғы Олимпиада ойындарында үстел теннисінен командалық турнирдің чемпиондары, жүлдегерлері анықталады. Бейсенбі күні Германия мен Гонконгтың әйелдер құрамалары қола жүлдені, ал Жапония мен Қытай алтын жүлдені сарапқа салады. Ерлер арасында қорытынды матчтар жұма күні өтеді, онда финалда Қытай-Германия кездеседі және үшінші орын үшін Корея - Жапония ойнайды.

Әйелдер, жартылай финал Жапония - Гонконг 3:0, Қытай-Германия 3:0.

Ерлер, жартылай финал Қытай - Корея 3:0, Германия-Жапония 3:2.


Талап Қойбағаров