Медальдар үшін күресеміз

05.03.2022

Катарда 7 және 8 наурызда үстел теннисінен "WTT Youth Star Contender" жасөспірімдер турнирі өтеді, оған Австралия, Бельгия, Болгария, Мысыр, Үндістан, Иран, Йемен, Қазақстан, Катар, Қытай, Таиланд, Тайбэй, Тунис, Латвия, Ливан, Польша, Словакия, Хорватия, Чехия, Франция спортшылары қатысады. Біздің елімізді осы күндері Дохада "ITTF High Performance Boys Training Camp" оқу-жаттығу жиынында жүрген Сарвиноз Мірқадірова, Әнел Бақыт және Алан Құрманғалиев таныстырады.

Талап Қойбағаров