Медальға үміткерлер анықталды

26.04.2024

Қарағандыдағы «Saryarka» үстел теннисі орталығында тағы бір қызықты, тартысты күн аяқталды, онда Қазақстан жастар чемпионаты жалғасуда. Бүгін финалистер мен жеке разрядтағы қола медальға үміткерлер анықталды.

Ұлдар арасында бірінші орын үшін матчты Искандер Харки (Жамбыл облысы), Сағантай Құрмамбаев (Шығыс Қазақстан облысы) өткізеді. Құрмет тұғырының үшінші сатысында болу құқығы үшін Санжар Жұбанов (Алматы), Абдұлла Мамай (Алматы), Тимофей Герасименко (Астана), Қадырали Қабдылуахитов (Павлодар) сайысқа түседі.


Қыздар арасында финалда Анель Бақыт (Алматы), Ангелина Романовская (Павлодар облысы) ойнайды. Жанерке Кошкумбаева (Қарағанды), Гузель Торшаева (Алматы), Меруерт Тажимова (Павлодар), Арай Ашкеева (Қарағанды) чемпионаттың қола жүлдегерлері атану мүмкіндігін сақтап қалды.


Талап Қойбағаров