Медаль тапсыру рәсімі желтоқсан айында өтеді

13.08.2023

Үстел теннисінен еліміздің ашық командалық чемпионатының III туры Астанада, Алматыда, Өскеменде аяқталды. Үш күндік жарқын, тартысты жекпе-жектер соңғы турдың көшбасшыларын анықтады.

Суперлига:

1 орын "Қарағанды-1", 2 орын "Altay Pro" (Өскемен), 3 орын "Alga Express" (Алматы).

2-ші лига:

1 орын TTC "Astana", одан кейінгі орындарда "Allur" (Қостанай) және "Масаншы жолбарыстары" (Жамбыл облысы).

3-ші лига:


Көшбасшы - "Арыстан" (Орал), одан кейін Екібастұз (Павлодар облысы), ASM (Бішкек, Қырғызстан).

4-ші лига:


Командалардың бірінші үштігі: ТТС "Astana 2", "Marten" (Түркістан), Тараз.

5-ші лига:

Ең мықты үштік - "Dolina" (Ферғана, Өзбекстан), "Kaysar" (Қызылорда), "Inventors" (Алматы).


IV-ші, финалдық тур желтоқсан айында өтеді және онда 2023 маусымының чемпиондары, жүлдегерлері анықталады.


Талап Қойбағаров