Маңызды және лайықты жеңіс

16.01.2022

Үстел теннисінен неміс Бундеслигасында кезекті тур өтті. Құрамында Анастасия Лаврова (Қазақстан), Эдже Харак (Түркия), Майя Кунац (Беларусь), Карлин ван Лиероп (Голландия) сияқты ойыншылары бар "SV SCOTT" интернационалдық клубы өздерінің Йена қаласында Лимбургтен келген "G.-W. Staffel 1953" клубын қабылдады. Алаң иелері матчты сенімді өткізіп, 6:2 есебімен лайықты жеңіске жетті және турнир кестесінде 5 орынды сақтап қалды. Анастасия Лаврова команда үшін 2 ұпай жинады.

22 қаңтарда "SV SCOTT" клубы Тоштедтте Германия чемпионатының көшбасшыларының бірі - "MTV" - клубымен ойнайды.

Талап Қойбағаров