Маусым мерзімінен бұрын аяқталды

10.06.2020

Ресей үстел теннис федерациясының құрлықтық чемпионаты Директоратының отырысы өтті, онда маусымдағы барлық лигаларды мерзімінен бұрын аяқтау және ағымдағы нәтижелер бойынша чемпиондарды, жүлдегерлерді анықтау туралы шешім қабылданды. "Astana" ТТС (Нұр-Сұлтан) командасы ерлер Суперлигасында 12 команда арасында 7 орын алды. "ОТМК-Резерв" (Свердловск облысы Верхняя Пышма) теннисшілері үшінші турда ЦОП (Краснодар, 2 орын) және ОРОСП (Түмен, 3 орын) командаларын ұтып алға шықты.

16 әйелдер ұжымы арасында "Факел-1" (Орынбор), "ММК-Олимпия" (Магнитогорск), "МФНТ-Кадет" (Мәскеу) командалары көшбасшы атанды. Қазақстандық "Astana" ТТС 9 орында.

Ресей үстел теннис федерациясының құрлықтық чемпионатының келесі маусымы ағымдағы жылдың күзіне жоспарланған.

Талап Қойбағаров