Матчтар біздің пайдамызға шешілген жоқ

29.11.2023

Жастар арасындағы үстел теннисінен әлем чемпионаты Словенияда (Нова-Горица) өтуде және бүгінгі күн жұптық жекпе-жекке арналды. Халықаралық дуэт Алан Құрманғалиев (әлемдік рейтингте 207-ші), Том Клозет (215-ші, Бельгия) шығу тегі қытайлық австралиялық ойыншылар Лум (34-ші), Финн Луумен (52-ші) кездесті. Әдемі және шиеленісті ойындағы нәтиже Австралияның пайдасына 3:2 есебімен шешілді.

Қыздар арасындағы турнирде Сарвиноз Мирқадірова/Хана Арапович (Қазақстан/Хорватия, суретте) Үнді спортшылары Сухана Сайни/Яшасвини Горпадеге 1:3 есебімен жол берді.


Алда қазақстандықтардың жеке разрядтағы ойындары тұр:


1/16 финал Алан Құрманғалиев - Брин Вовк (Словения);

1/16 финал Сарвиноз Мирқадірова-Аннетт Кауфманн (Германия).

Сәттілік!


Талап Қойбағаров