Матч жеңімпазды анықтай алмады

06.02.2022

2022 - Қысқы Олимпиада ашылу күні үстел теннисінен австриялық Бундеслигада тоғызыншы тур өтті. «Badener» клубы (Баден қ.) өз үйінде Линцтің «SPG» клубын қабылдады. Кездесу иелері Айдос Кенжеғұлов, Амир реза Аббаси, Марк Сагава қарсыластары Йонас Промбергер, Чжэньлун Лю, Патрик Юхаспен шайқасты. Қызықты ойын тең аяқталды, 3:3.

Амирреза Аббаси («Badener») - Йонас Промбергер («SPG») 3:0
Айдос Кенжеғұлов («Badener») - Патрик Юхас («SPG») 0:3
Марк Сагава («Badener») - Чжэньлун Лю («SPG») 0:3
Амирреза Аббаси/ Марк Сагава («Badener») - Патрик Юхас/ Чжэньлун Лю («SPG») 0:3
Амирреза Аббаси («Badener») - Патрик Юхас («SPG») 3:0
Айдос Кенжеғұлов («Badener») - Йонас Промбергер («SPG») 3:0.

Бүгін «Badener» Австрия чемпионатының көшбасшысы «SPG Felbermayr» (Вельс қ.) командасымен ойнайды.
Талап Қойбағаров