Мақсаттар бұрынғы - тек ғана алға!

12.10.2021

Павлодарда облыстық үстел теннисі Федерациясы мүшелерінің жалпы жиналысы өтті, онда Асхат Қалиев (суретте) бірауыздан қоғамдық ұйымның Президенті болып сайланды. Ол олимпиадалық спорт түрінің үлкен жанкүйері, өзінің дене шынықтыру мұғалімі Ермек Китаевты еске алуға арналған дәстүрлі ашық республикалық турнирді он жылдан астам уақыт бойы ұйымдастырып, өткізіп келеді. Бұл спорттық іс-шараға әуесқойлар, кәсіпқойлар, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Беларусь, Қазақстан үстел теннисінің ардагерлері қатысады. Сонымен қатар, Асхат Қалиев "Jenimpaz" үстел теннисі орталығының құрылысы бойынша мәселені шешуге, арнайы еден жабынын, спорттық және төрешілік жабдықтарды сатып алуға үлкен көмек көрсетті. Олимпиадалық резервті даярлау орталығында үстел теннисі бөлімі, "Тереңкөл" кентінде стационарлық зал ашылды, жөндеу жұмыстары жүргізілді, ал Павлодар облысының төрешілері мен спортшылары үшін спорттық киім-кешектер сатып алынды.

Облыстық Федерацияның бұрынғы президенті Достияр Аханов басқа қалаға көшуіне байланысты қызметін босатты. Республикалық үстел теннисі Федерациясының басшылығы оған алғыс білдіріп, Құрмет грамотасымен марапаттады. Достияр Аханов жұмыс істеген кезеңде өзінің бай басқарушылық тәжірибесін халық арасында үстел теннисін танымал етуге бағыттағаны, "Наурыз" халықаралық турнирін өткізуге жәрдем көрсеткені, "Ертіс" үстел теннисі клубын республиканың командалық чемпионатына қатысуын қолдағаны атап өтілді.

Талап Қойбағаров