Маргарита Мурзина: "жаттығуларды қатты сағындық"

16.07.2021

Ақтауда Қазақстанның үстел теннисі шеберлері мен Верхняя Пышмадан шыққан атақты ресейлік Орал тау-кен металлургия компаниясы клубының бірлескен оқу-жаттығу жиыны (ОЖЖ) қызу өтуде. Спорт шебері, Ресей біріншілігінің күміс және қола жүлдегері, командалық есептегі 19 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Орал федералдық округі чемпионатының алтын жүлдегері Маргарита Мурзина өз әсерімен бөлісті:

- "Мен Ақтауға бірінші рет келдім, қала керемет, әдемі, жақын жерде теңіз бар, бірақ ондағы су суық және ондай таза емес. Спорт залы кең және маусымдық дайындықтар үшін тамаша жағдайлар бар. Біз бір ай бойы теннис ойнаған жоқпыз және жаттығуларды қатты сағынып қалдық. ОЖЖ қызықты өтуде, әр циклде әр түрлі ойын элементтеріне баса назар аударылады.

Қазақстандық спортшылармен біз Ресей, Қазақстан чемпионаттарында бір-бірімізге қарсы бірінші жыл ойнап отырған жоқпыз және қарсыластарымыздың қалай дамып келе жатқанын көріп отырмыз. Мықты ойынсеріктестермен бірлескен ОЖЖ тек пайда әкеледі.

- Қазақстандықтардың қайсысымен жұпта ойнағыңыз келеді?

- Әйелдер разрядында Алсу Сапаровамен, ал миксте Айдос Кенжеғұловпен.

Қазақстанда жиын 20 шілдеде аяқталады, содан кейін біз Эльбрус аймағына (Кабардино-Балкария) дайындықтың соңғы кезеңіне барамыз".

Суретте оңнан солға қарай Маргарита Мурзина, Анастасия Степанова, Яна Пикарова.

Талап Қойбағаров