Ұлы Ма Лонгпен Феликс ойнайды, Кирилл емес

14.07.2022

Будапештте (Венгрия) WTT Star Contender турнирі өтіп жатыр және бүгін 1/32 финалда қазақстандық Кирилл Герасименко 2021 жылғы жасөспірімдер арасындағы Еуропа чемпионатының үш дүркін жеңімпазы, 15 жастағы француз ойыншысы Феликс Лебронмен (суретте) ойнады. Өкінішке орай, біздің Кирилл қарсыласына 1:3 есебімен жеңіліп, 1/16 финалда ұлы Ма Лонгпен (5 дүркін Олимпиада чемпионы, 21 дүркін әлем чемпионы, 13 дүркін Азия чемпионы, ITTF әлемдік турының Гранд-Финалдарының 7 дүркін жеңімпазы) кездесу мүмкіндігін жіберіп алды.

Талап Қойбағаров