Үлкен спортқа трамплин

28.10.2021

29 қазан мен 03 қараша аралығында Алматыда үстел теннисінен дәстүрлі "Алтын күз" турнирі өтеді. Жұма, сенбі және жексенбі күндері спорт алаңында тек 2007-2008 ж.т., 2009-2010 ж.т., 2011 ж.т. және одан кіші қыздар жарысады. Дүйсенбіден сәрсенбіге дейін республикалық федерация залында ұлдар сайыстар өткізеді.

"Алтын күз" турнирі - үлкен спортқа өзіндік трамплин болып табылады және дәл осы жерде Қазақстан ұлттық құрамасының қазіргі мүшелері Кирилл Герасименко, Анастасия Лаврова, Айдос Кенжеғұлов, Зәуреш Ақашева, Алан Құрманғалиев, Сарвиноз Мирқадірова, Әнел Бақыт өз өнерлерін бастаған болатын.

Талап Қойбағаров