Әлем чемпиондарының бесігі

06.08.2020

Қазақстан Республикасы үстел теннисі федерациясының президенті Данияр Әбілғазин және "Zhengding" үстел теннисі академиясының директоры (Қытай, Чжэндин қ.) Фан Жиу қазақстандық спортшылардың шеберлік деңгейін арттыру, халықаралық достық байланыстарды нығайту және дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

1992 жылдан бастап Чжэндин қаласында Қытай ұлттық құрамасы үнемі жаттығулар өткізіп тұрады, сондықтан академияның халықаралық базасын "әлем чемпиондарының бесігі" деп атайды. Тәжірибелі тәлімгерлер, мықты жұптас-серіктестер біздің теннисшілер мен жаттықтырушыларға тек ғана пайда әкелетіні сөзсіз.


Талап Қойбағаров