Әлем чемпионатындағы қарсыластарымыз

16.01.2024

16-25 ақпан аралығында Пусан қаласында (Оңтүстік Корея) үстел теннисінен әлем чемпионаты өтеді және жарыс басталардан тура бір ай бұрын алдағы матчтардың жеребесі өтті. № 2 топта Германия, Англия, АҚШ, Қазақстан, Сауд Арабиясының ерлер құрамалары өнер көрсетеді.

Біздің әйелдер командасы № 6 топқа кірді - оның қарсыластары Гонконг, Португалия, Австрия, Австралия.


Талап Қойбағаров