Әлем чемпионатында әр ойын финалдық

23.11.2021

23 қарашада Хьюстонда (АҚШ) үстел теннисінен жеке әлем чемпионаты басталады, оған 120 ер адам мен 118 әйел адам қатысады. Қазақстан намысын Зәуреш Ақашева (Қарағанды), Анастасия Лаврова (Нұр-Сұлтан) қорғайды. Ел құрамасының көшбасшысы Кирилл Герасименко (Нұр-Сұлтан) бірқатар объективті себептер бойынша әлемдік теннис форумында өнер көрсетпейді.

Жарыс плей-офф форматында өтеді, яғни ұтылып қалды-шығып қалды. Жеребе тасталғаннан кейін біздің спортшыларымыздың қарсыластары анықталды:

Зәуреш Ақашева (Қазақстан) - Даниели Риос (Пуэрто-Рико),

Анастасия Лаврова (Қазақстан) - Андрея Драгоман (Румыния).

Қазақстандықтарға сәттілік!


Талап Қойбағаров