Әлем чемпионатына жолдамалар санын көбейтті

14.04.2023

Зәуреш Ақашева (Қарағанды), Сарвиноз Мирқадірова (Шымкент) ITTF рейтингі бойынша үстел теннисінен әлем чемпионатына іріктелді, ол 2023 жылғы 20-28 мамыр аралығында Дурбан қаласында (ОАР) өтеді және олар жеке есепте өнер көрсетеді. Құттықтаймыз! Зәуреш сонымен қатар жұптық және аралас разрядтарда ойнайды.

Бұдан сәл бұрын жылдың басты жарыстарына жолдамаларды Кирилл Герасименко (Астана, жеке есеп, жұптық разряд), Алан Құрманғалиев (Қарағанды, жұптық разряд), Айдос Кенжеғұлов (Алматы, аралас разряд), Денис Жолудев (Өскемен, жұптық разряд), Сағантай Құрмамбаев (Өскемен, жұптық разряд) және Анастасия Лаврова (Астана, жұптық разряд) жеңіп алған болатын.

Талап Қойбағаров