Әлем чемпионатына іріктеу өзгертілді

18.06.2021

Коронавирустың жалғасып жатқан проблемаларына байланысты Американың Хьюстон қаласында 2021 жылдың 23-29 қарашасына жоспарланған үстел теннисінен әлем чемпионатына іріктеу қайта қаралды. Пандемия аймақтық, құрлықтық біліктілік турнирлерінің кейінге қалдырылуына себеп болды, енді қатысушылар ITTF-тің әлемдік рейтингісіндегі орындарды ескере отырып белгілі болады. Саны анықталды - 128 ерлер мен әйелдер, сондай-ақ әр разрядта 64 жұптан (ерлер, әйелдер және микст). Ұлттық қауымдастық ең көп дегенде үш ойыншыны ұсына алады. Ерекше жағдай бар: егер спортшылар әлемдегі ең жақсы 100 теннисшінің қатарына кірсе - олар қосымша орын алады.

Талап Қойбағаров