Әлем чемпионаты алдындағы ОЖЖ

06.02.2024

Үстел теннисінен Қазақстан ұлттық құрамасының тәлімгерлері - Эльмира Алиева, Дмитрий Переверзев, Евгений Тимченко, Дмитрий Левенко 16-25 ақпан аралығында Кореяда өтетін әлем чемпионатының алдында Алматыда оқу-жаттығу жиынын (ОЖЖ) өткізуде.

Жеке жоспар бойынша Германияда Кирилл Герасименко, Қытайда Алан Құрманғалиев, Германияда Анастасия Лаврова жаттығуда.

Қазақстанның оңтүстік астанасындағы ОЖЖ-ға Әзірбайжан құрамасы да қатысуда, олар біздің жетекші теннисшілермен спарринг өткізуде.


Талап Қойбағаров