Кубоктың жанынан өтіп кетті

05.10.2020

Кеше үстел теннисінен Германия Кубогының 1/8 финалының ойындары өтті. Бременде қазақстандық Кирилл Герасименко өнер көрсететін жергілікті "Werder" клубы Бергнойштадттан келген "TTC Schwalbe" клубын қабылдады. Бұл екі команда бір-бірімен чемпионаттың бірінші турында кездескен болатын, ол кезде Бергнойштадт теннисшілері 3:0 есебімен басым түскен еді. Кубок матчында бремендік ойыншылар еселерін қайтаруға тырысты, бірақ, өкінішке орай, тағы да 2:3 есебімен ұтылып қалды. Біздің Кирилл Бенедикт Дудамен (Германия) ойнады және командалық есепте 3:0 есебімен Еуропа чемпионын сенімді түрде жеңіп кетті.

Маттиас Фальк («Werder») - Альваро Роблес («TTC Schwalbe») 0:3;

Кирилл Герасименко («Werder») - Бенедикт Дуда («TTC Schwalbe») 3:0;

Хунор Сеч («Werder») - Штефан Фегерль («TTC Schwalbe») 1:3;

Маттиас Фальк («Werder») - Бенедикт Дуда («TTC Schwalbe») 3:2;

Хунор Сеч/ Марсело Агирре («Werder») - Альваро Роблес/ Штефан Фегерль («TTC Schwalbe») 1:3.

Аустриялық Бундеслигада "Badener" (Баден) клубы құрамында Айдос Кенжеғұлов (Қазақстан) және ирандық Әмин Ахмадиансыз (екеуінің де визасы аяқталған) ойнаған болатын, олар төртінші турда өткен жылдың чемпионы, осы маусымның көшбасшысы "UTTC" (Штоккерау қ.) клубына 0:4 есебімен ұтылып қалды.

Талап Қойбағаров