Кубокты кім алады?

19.10.2019

Түркістан қаласында, "Балуан Шолақ" спорт кешенінде үстел теннисінен Қазақстанның командалық Кубогы басталды, онда әйелдер арасында еліміздің жеті қаласынан, облыстарынан, ал ерлер арасында он қаладан және облыстан командалар қатысады. Бүгін қыздар өз кіші топтарында екі турға қатысып, жеңіліссіз Алматы, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары, Шымкент келе жатыр. Үш турдан кейін шығысқазақстандықтар, қарағандылықтар, алматылықтар көш бастады. Кубок иегері 20 қазан күні белгілі болады.

Талап Қойбағаров