Кәсіби спортшылар ардагерлер мен әуесқойларға шеберлік сабағын өткізді

28.08.2022

"Бурабай" халықаралық шаңғы базасы (Щучинск қ.) үстел теннисінен "Burabay Open" республикалық турнирге қатысушыларды 1 000 000 теңге жүлде қорымен қабылдауда. Мұндай жарыстардың ерекшелігі, мұнда спорт ардагерлері, үстел теннисінің әуесқойлары халықаралық деңгейдегі шеберлердің, спорт шеберлерінің ойындарын көріп қана қоймай, олармен ойын алаңында сайысқа түсе алады. Нәтижесінде кәсіби спортшылар оларға шеберлік сабағын өткізді.

Бүгін алдын-ала қызықты матчтардан кейін финалистер анықталды - ерлер 12, әйелдер 12, олар қомақты ақша үшін күресті жалғастыратын болады. Жекпе-жек басталғанға дейін барлығының мүмкіндігі тең, дегенмен, соңғы күндері, айларда, жылдарда есімдері естуге тұрарлық үміткерлерді атап өтеміз: Сарвиноз Мирқадірова, Ескендір Харки, Ангелина Романовская, Ырысбек Артықметов, Эрик Райтер, Жанерке Көшкімбаева, Тимофей Герасименко, Виктория Мочалкина, Бақдәулет Әкімәли, Александра Смирнова. Барлығы теннис үстелінде шешіледі.


Талап Қойбағаров