Кәсіби деңгейді көтеру

29.01.2021

Жақында үстел теннисінен Жамбыл облысының аға жаттықтырушысы болып спорт шебері Арсман Харки тағайындалды: "Мен үстел теннисіне спорттық гимнастикадан келдім және 2006 жылдан бастап шындап айналыса бастадым, Қытайда жаттықтым, ал 2009 жылы Марат Сұртұбаевпен бірге жұптық разрядта Қазақстан чемпионатының финалына шығып, күміс медальдарға ие болдық. Жамбыл облысында біздің спорт түрімізді жақсы көреді және жас ұрпақ үлгі тұтатын жақсы теннисшілеріміз бар - олар: спорт шебері Ескендір Харки, жеке есепте жастар арасындағы Қазақстанның үш дүркін чемпионы, Абдұл-Маджид Харки, аралас және жұптық разрядттардағы жасөспірімдер арасында Қазақстанның үш дүркін чемпионы, Айгерім Асықбек, қыздар арасында жұптық разрядтағы ел чемпионы, аралас разрядтағы оқушылардың республикалық спартакиадасының чемпионы, Медиана Қалықбай, қыздар арасындағы жұптық разрядтағы ел чемпионы, жастар арасындағы аралас разрядтағы ел чемпионатының қола жүлдегері, республикалық студенттік Универсиаданың бірнеше дүркін жүлдегері және басқалары. 2021 жылы Қарағандыда өткен Қазақстан чемпионатында жамбылдықтар 6 (ерлер) және 8 (әйелдер) орындарды иеленді. Мен нәтижелерге риза емеспін. 2022 жылы чемпионаттан медальмен оралу үшін жұмыс істейміз, спортшылардың кәсіби деңгейін көтереміз".

Суретте солдан оңға қарай Ескендір, Арсман және Абдұл-Маджид Харки

Айгерім Асықбек және Медиана Қалықбай

Талап Қойбағаров