Көшбасшыға Йеннің күші жетпеді

23.01.2022

Үстел теннисінен Германия чемпионатында Тоштедтте жергілікті "MTV" клубымен және қазақстандық Анастасия Лаврова өнер көрсететін Йенадан келген "SV SCOTT" клубы арасында матч өтті. Жекпе-жектің алдында "MTV" турнир кестесінде екінші орынды, ал "SV SCOTT" бесінші орынды иеленді. Ойын қызықты өтті, есеп бір жақтан екінші жаққа өзгеріп отырды: 1:0, 1:1, 2:2, 3:2, 3:3. Содан кейін "MTV" клубының бірінші және екінші ракеткалары Ирэн Иванкан, Ивонн Кайзер, Эдже Характы, Анастасия Лаврованы жеңді, ал Миа Гризель "MTV"-ның қорытынды жетістігін бекітті, 6:3.

Талап Қойбағаров