Көшбасшы өз ұстанымын бермеді

12.11.2017

Алматы қаласы үстел теннисі Федерациясының залында Қазақстанның әйелдер арасында командалық ашық чемпионатының үшінші туры өтті.Биылғы маусымның көшбасшысы «Қарағанды-1» клубы (Наталья Сладкова, Зәуреш Ақашева) жеті рет керемет жеңіске жетіп 3:0 есебімен турнирдік кестені басқаруын жалғастыруда. Екінші орында «Шаңырақ» (Алматы) клубының атағын қорғап жүрген 13-жасар спорт шебері Анель Бақыт пен оның замандасы спорт шеберіне кандидат Ангелина Романовская орналасты. Ал үшінші болыпҚарағандының екінші командасы құрамында Қазақстанның 2010 жылғы абсолюттік чемпионы, елдің жеке есептегі төрт дүркін чемпионы Елена Пилипенко мен 13 - жасар Александра Смирнова турнирдік кестеде орналасты. Үшінші кезеңнің жүлдегерлері шегінде «Гүлдер» (Шымкент), «ЮКО-1», Павлодарлық «Ертіс», «Карвен» (Қырғызстан), «Мартөбе» (Шымкент) болды.