Көптеген дарынды спортшыларды тәрбиелеп шығаруда

27.02.2020

Он үш жыл бұрын Алматыда "Шаңырақ" шағын ауданында "Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі" салтанатты түрде ашылды, ол көптеген спорт түрлері бойынша, соның ішінде үстел теннисінен Қазақстанның жасөспірімдер, жастар, ұлттық құрамаларына кәсіби спортшыларды үнемі дайындауда. "Шаңырақ" мектебінің қатал сынағынан өткен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Кирилл Герасименко, спорт шеберлері Гүлчехра Құсейінова, Әсет Бабасов, Денис Жолудев, Гүлноза Эрматова, Юлия Гац, Эрик Райтер, Бекұлан Жамал сияқты спортшылар өздерінің жарқын ойындарымен жанкүйерлерін қуантуда. Колледж дарынды спортшыларды тәрбиелеп шығаруды белсенді жалғастыруда. Жақында Қазақстанның үстел теннисі федерациясының бас хатшысы Данил Пак әріптестерімен бірге мектеп-интернат-колледжінің директоры Ернар Ибраимовпен кездесіп, спорт интернаттың аумағында үстел теннисінің мамандандырылған залын салу туралы маңызды тақырыпты талқылады.

Талап Қойбағаров