Командалық жұмыс - бұл бірге бір мақсатқа жету мүмкіндігі

19.08.2022

Командалардың капитандары Алан Құрманғалиев (Қарағанды облысы) және Сарвиноз Мірқадірова (Шымкент) өздерінің құрамаларына осы күндері "Jenimpaz" үстел теннисі орталығында өтіп жатқан 2004 ж.т. спортшылар арасындағы Қазақстан чемпионатын жеңіп алуға көмектесті. Қарағандылықтар финалда алматылықтарды 3:1 есебімен ұтты және Алан екі ұпай жинады. Онымен бірге Темірлан Ким, Әмір Торғайбеков, Арсен Қабдолов алтын медальға ие болды. Командалық күмісті Алматыға Дамир Сәрсенбай, Ши Ченян, Ши Данян, Дамир Қыстаубаев, Алексей Фендриков әкеледі.

Қыздар арасында Шымкент Қарағанды облысын 3:2 есебімен жеңді және Сарвиноз өз командасы үшін екі ұпай жинады. Оңтүстікқазақстандықтардың чемпиондық құрамы келесідей: Сарвиноз Мірқадірова, Сарвиноз Саидмұратханова, Аида Үсіпбаева, Севинч Ашурматова, Ақниет Амангелді. Қарағанды ойыншылары: Александра Смирнова, Виктория Мочалкина, Жанерке Көшкімбаева, Альбина Жақсылықова, Екатерина Охмак.

Ұлдар, үшінші орын: Павлодар облысы (Қадырәлі Қабдылуахитов, Әділ Хазкен, Әмір Амангелді, Әлішер Инырбаев, Әлімжан Әбішев), Батыс Қазақстан облысы (Нұрдәулет Нұғай, Дамир Мэлсов, Болат Ниетқалиев, Ержігіт Серікбай, Мансұр Сүйіндік).

Қыздар, үшінші орын: Нұр-Сұлтан қаласы (Мәлика Сандыбаева, Алиса Цвигун, Елизавета Лаврова, Алтынай Ержанқызы, Нұрсая Нұрман), Түркістан облысы (Шахзода Ахмадәлиева, Аружан Нұржанқызы, Назым Серікбай, Гүлера Шавкатова, Ноила Ханиязова).

Қазақстан чемпионаты жалғасуда.


Талап Қойбағаров