Командалық рух жеңіс кепілі ретінде

24.03.2022

Үстел теннисінен 2007 ж.т. және одан кіші спортшылар арасындағы Қазақстан чемпионаты Алматыда өтуде. Бүгін командалық есептегі жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Ал қыздар арасында, олар алаңға бірінші болып шықты, алтын медальдарды Қарағанды облысы құрамасының ойыншылары Виктория Мочалкина, Альбина Жақсылықова, Дарья Гамова, Дарья Фу, Полина Сиротина жеңіп алды, олар финалда елордалық спортшылар Алиса Цвигун, Елизавета Лаврова, Алина Шайхина, Нұрсая Нұрман, Яна Михееваны 3:1 есебімен жеңді. Үшінші орында Шығыс Қазақстан (Айша Әсет, Алуа Жармұхамбетова, Балауса Дарханқызы, София Кальтенбергер, Камилла Төлегенова) және Маңғыстау облыстарының (Аққу Темірханова, Салима Әбілқайыр, Лаура Жұмаш, Фарида Оңғар, Аида Ізбасар) командалары.

Жас жігіттерде құрмет тұғыры келесідей:

1 орын - Түркістан облысы (Нұржігіт Жолдыбай, Рамазан Нәзір, Әділет Өмірзақ, Марлен Жұмағұл, Фахриддин Бақаев);

2 орын - Қарағанды облысы (Алан Құрманғалиев, Ален Бұрамбек, Арсен Қабдұлов, Асылхан Мағзұмбеков, Медет Нұрымов);

3 орын - Шымкент (Нұрислам Қасым, Адхам Момынжанов, Бақдәулет Сауырбай, Нұртай Сыдық, Мұхаммадәли Құрбантаев);

3 орын - Қостанай облысы (Темірлан Балташ, Никита Кондратьев, Айдын Алмағамбетов, Данияр Карпташаров, Артем Кондратьев).

Алдыда жеке, жұптық және аралас разрядтардағы жекпе-жектер бар.


Түркістан облысының құрамасы


Қарағанды облысының құрамасы


Талап Қойбағаров