Командалық алтын Қарағанды облысында

24.05.2018

Қашанда теннис стөлі алаңында 8-11 жастағы спортшылар жарысқан кезде, көңіл шегіне дейін көтеріледі: жеңілгендер қатты жылап, жеңімпаздар қуаныштан айқайлап жатады. Шулаған залда төрешілер мен жаттықтырушыларға оңай тимейтіні анық, осындай қиын жағдайда Алматыда 2007 ж.т және одан да жас спортшылар арасында Қазақстан чемпионаты өтуде. Кеше командалық есепте бірінші медальдар жиынтығы сарапқа салынды. Ұлдар арасында финалдық матчқа Қарағанды және Оңтүстік Қазақстан облысының құрамалары сенімді түрде жетті. Қарсыластықтың фавориті қарағандылықтар болды, себебі олардың құрамында осы жасаралық санатта өз өнерін көрсетіп жүрген республиканың мықты теннисшісі спорт шеберіне үміткер 11-жасар Алан Құрманғалиев бар еді. Оңтүстік Қазақстандықтар Аланның командасына жоспарлы 2 ұпай алып беретінін түсінді, сондықтан қарсыластардың екінші және үшінші номерлі ойындарында ғана жалпы жеңіске үміттеніп, осы ойындарда оларға қарсы өздерінің көшбасшысы Рамазан Назірді қойған болатын. Оның Дамир Тұрұмбетовпен кездесуі чемпионды анықтауда шешуші болды. Дамир 3:1 есебімен жеңіске жетті және осындай есеппен Қарағанды облысының құрамасы Оңтүстік Қазақстан облысынан мықтырақ болды.Чемпиондар Алан Құрманғалиев, Дамир Тұрұмбетов, Матвей Князев, жаттықтырушылары Эльмира Әлиева, Александр Брижевский. Күміс жүлде Оңтүстік Қазақстан облысында: Рамазан Назір, Айдар Тұрысбек, Адхам Момынжанов, Мұхамадәли Құрбантаев, жаттықтырушылары Нұрлан Оразбаев, Ержан Есімханов, Шохрух Абдазимов. Үшінші орында қола медаль үшін ойында 3:1 есебімен павлодарлықтарды жеңген Оңтүстік Қазақстан облысының екінші командасы. Көзге түскендер Дастан Торавеков, Нұрислам Қасым, Нұржігіт Жолдыбай, жаттықтырушылары Ердәулет Оразбаев, Миряқұб Мирасланов.

Қыздар арасында Қарағанды облысының құрамасы чемпионаттың лайықты жеңімпаз атанды (Виктория Мочалкина, Дарья Фу, Альбина Жақсылықова). Күміс медаль Оңтүстік Қазақстандықтарда (Назым Серікбай, Қарақат Бегайдар, Рахима Рахимтаева, Роза Жүнүсматова), қола Астаналықтарда (Алиса Цвигун, Елизавета Лаврова, Алина Шайхина, Алтынай Семейханова, жаттықтырушылары Серік Мұрзаспаев, Анастасия Лаврова).

Қазақстан чемпионаты жеке есептегі, жұптық және аралас разрядтағы жекпе-жектермен жалғасуда.









Талап Қойбағаров