Командалар спорт маусымын аяқтады

14.12.2021

Қарағандыдағы "Saryarka" үстел теннисі орталығында Қазақстан Республикасының ашық командалық чемпионатының 2020/2021 маусымының қорытынды туры аяқталды. Суперлигада жеңімпаз кубокты шымкенттік "Sigma" спортшылары көтерді, ал олардың жаттықтырушысы Ердәулет Оразбаев "Чемпионаттың үздік жаттықтырушысы" арнайы сыйлығына ие болды. Екінші орында "Астана" (Нұр-Сұлтан), үшінші орында "Greenwill" (Ақтөбе). Маусымның үздік ойыншысы болып "Қазаэронавигациядан" (Нұр-Сұлтан) Денис Жолудев танылды. Ең мықты дивизионнан "Karaganda-2" (Қарағанды), "Жетісу" (Алматы облысы) командалары шығып қалды, 2022 жылы олардың орнына "Риха" (Қырғызстан), "Sigma Shymkent" (Шымкент) командалары келеді.

Жоғары лигада көшбасшылар үштігі мынандай: "Sigma Shymkent", "Павлодар", "Хван Ман-Гым-2" (Өзбекстан).

Талап Қойбағаров