Командадағы әрбір жеке ойыншының күші

28.09.2021

28 қыркүйекте үстел теннисінен XXV Азия чемпионатында командалық турнир басталады. Қазақстанның ерлер құрамасы Ирак, Иордания, Мальдив Республикасымен, ал біздің әйелдер командасы Бангладеш және Шри-Ланкамен ойнайды. Жарыстың негізгі торына өту үшін кіші топтарда бірінші орындарды алу керек, онда ерлер арасында өз қарсыластарын Жапония, Корея, Гонконг, Үндістан, Иран, Тайбэй және әйелдер арасында Жапония, Сингапур, Корея, Таиланд, Гонконг, Тайбэй күтуде. Қазақстандықтарға сәттілік!

Талап Қойбағаров