Коллекцияда Бундеслига медалі бар

11.06.2020

Қазақстандық Кирилл Герасименко (суретте оң жақтағы екінші) Бремендік "Вердер" құрамында үстел теннисінен Германия чемпионатының қола жүлдегері атанды. Құттықтаймыз! Бундеслиганың жартылай финалында Кирилл мен оның командасы бойынша жолдастары Маттиас Фальк (Швеция), Марсело Агирре (Италия) Саарбрюккеннің кіші ракетка шеберлеріне Шан Куну (Қытай), Патрик Франциска (Германия), Дарко Йоргичке (Словения) жол берді.

Талап Қойбағаров