Күн сайын, бірте-бірте

24.10.2020

11 қазанда-9 орын, 20 қазанда-7 орын, 23 қазанда-6 орын: осылайша күн сайын, бірте-бірте Кирилл Герасименко (Қазақстан) және оның «Werder» (Бремен) клубы бойынша жолдастары Маттиас Фальк (Швеция), Хунор Сеч (Румыния), Марсело Агирре (Италия) үстел теннисінен неміс Бунденслигасы чемпионатының турнирлік кестесінде өз позицияларын жақсартуда. Кеше Бремен ойыншылары Гренцауда қазақстандықтың бұрынғы «Zugbrücke» клубымен ойнады, онда Кирилл 2017/2018 және 2018/2019 маусымдарында өнер көрсеткен болатын. «Werder» 3:1 есебімен жеңіске жетті, ал біздің жерлесіміз жастар арасындағы Еуропаның үш дүркін чемпионы Иоаннис Сгуропулосты (Греция) 3:0 есебімен жеңіп кетті.

Марсело Агирре («Werder»)-Кристиан Плетя («Zugbrücke») 1:3;

Маттиас Фальк («Werder»)-Александар Каракашевич («Zugbrücke») 3:1;

Кирилл Герасименко («Werder»)-Иоаннис Сгуропулос («Zugbrücke») 3:0;

Маттиас Фальк («Werder») - Кристиан Плетя («Zugbrücke») 3:0.

Талап Қойбағаров