Күміс жүлденің жылтырауы

21.03.2018

«Қазақстан-Сингапур» ұлттық құрама құрамындағы командалық есепте күміс медаль ұтқан қарағандылық Зәуреш Ақашева Солиман (Тунис) қаласында «Tunisia Junior & Cadet Open» үстел теннисі бойынша турнирде тамаша ойын көрсетуде. Тунис, Алжир, Бельгия теннисшілерінен кіші топта Зауреш пен Джанг Ванлинбасым түсті. «Египет-Иран» құрамасын ¼финалда жеңді. Жартылай финалда Индияны жеңді, алайда финалда Сербиялық спортшыларға жол берді. Зәуреш Ақашева мен Джанг Ванлинді күміс медальдарымен құттықтаймыз.

Суретте: Донг Шифей (жаттықтырушы), Джанг Ванлин, Зәуреш Ақашева, Евгений Тимченко (жаттықтырушы)

Талап Қойбағаров