Көктемнің бірінші күніндегі I тур

01.03.2024

Үстел теннисінен Қазақстанның ашық командалық чемпионатының I-туры басталды. Қарағандыда 3, 4 лигаларда матчтар өтуде және ойын күнінен кейін жеңіліссіз келе жатқандар: «Marten» (Жетысай), «SaryArka» (Астана), «Ардагер» (Алматы), 4 лига: «ТТ Prime» (Караганда), «Актобе», «ВКО-1» (Өскемен), «Топжарган» (Шымкент).

Алматыда 5-ші лиганың клубтары шайқасуда - мұнда көшбасшылыққа шыққандар: «Nomad» (Алматы), «Jambul» (Тараз), «Deaf-2» (Қостанай), «Stiga» (Алматы), «Қостанай», «Shymkent-2» (Шымкент), «Түркістан».


I тур 3 наурызда аяқталады.


Талап Қойбағаров