Кирилл "WTT Feeder Stockholm" турнирінің жартылай финалына шықты

06.10.2023

Стокгольм - Швецияның астанасы және ең ірі қаласы "WTT Feeder Stockholm" үстел теннисі турниріне қатысушыларды қабылдауда. Қазақстан құрамасының көшбасшысы Кирилл Герасименко Виктор Броддты (Швеция), Кей Стамперді (Германия), Седрик Мейснерді (Германия), Штеффен Менгелді (Германия) жеңіп, 7 қазанда жартылай финалда жеке разрядтағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, командалық есептегі Еуропа чемпионы Трульс Морегардпен (Швеция) кездеседі.

Талап Қойбағаров