Кирилл матчтың барысын өзгертті

01.09.2021

Үстел теннисінен Германия чемпионаты, 3-ші тур, Бергнойштадт қаласы, "TTC Schwalbe" - "Werder" (Бремен) матчы.

14 күндік карантиннен кейін қазақстандық Кирилл Герасименко ("Werder") спорт алаңына шығып, команда үшін 2 ұпай жинады және командаға жаңа маусымда 3:2-есебімен алғашқы жеңіске жетуге көмектесті.

Бенедикт Дуда («TTC Schwalbe») - Марсело Агирре («Werder») 3:0

Элиас Ранефур («TTC Schwalbe») - Маттиас Фальк («Werder») 3:0

Альберто Мино («TTC Schwalbe») - Кирилл Герасименко («Werder») 0:3

Бенедикт Дуда («TTC Schwalbe») - Маттиас Фальк («Werder») 1:3

Элиас Ранефур/ Альберто Мино («TTC Schwalbe») - Кирилл Герасименко/ Марсело Агирре («Werder») 1:3.

"Werder" жаттықтырушысы Кристиан Тамас: "Біз 0:2 есебімен ойын барысын өзгерте алғанымызға өте қуаныштымыз және Кирилл Герасименконың командаға сенімді түрде оралуы біздің жеңісіміз үшін шешуші рөл атқарды".

Талап Қойбағаров