Кирилл Герасименко «Singapore Smash»-те

06.03.2024

7-17 наурыз аралығында Сингапур 1 млн. 500 000 АҚШ доллары жүлде қорымен «Singapore Smash» үстел теннисінен турнир өткізеді және 298 қатысушылар (149 ер, 149 әйел) арасында әлемдік ТОП-10 спортшылары өз шеберліктерін көрсетеді: Фан Жэндонг (Қытай), Ван Чуцинь (Қытай), Ма Лонг (Қытай), Лян Цзинкунь (Қытай), Линь Гаоюань (Қытай), Феликс Лебрун (Франция), Уго Кальдерано (Бразилия), Линь Юньжу (Тайбэй), Томокази Харимото (Жапония), Линь Шидун (Қытай).

Осы беделді жарыстарда Қазақстанның атынан Кирилл Герасименко (ITTF рейтингінде 40-шы) қатысады.


Талап Қойбағаров