Кирилл Герасименко ракеткасын әлі қаптаған жоқ

23.05.2023

Дурбан қаласында (Оңтүстік Африка) үстел теннисінен әлем чемпионаты өтіп жатыр және қазақстандықтардың арасында тек Кирилл Герасименко ғана ракеткасын әлі қаптаған жоқ, ол 23 мамырда 1/32 финалда Африканың жеті дүркін чемпионы Омар Ассармен (Мысыр) ойнайды.

Біздің спортшылардың қатысуымен өткен матчтардың нәтижелерін еске салайын:

Кирилл Герасименко - Амин Ахмадян (Иран) 4:1;

Кирилл Герасименко/Алан Құрманғалиев - Әли Альхадрави/Абдұлазиз Бу Шулайби (Сауд Арабиясы) 3:1;

Айдос Кенжеғұлов/Зәуреш Ақашева - Тео Когил/Зодва Мафанга (Оңтүстік Африка) 3:0;

Сарвиноз Мирқадірова - Анна Вегржин (Польша) 1:4;

Анастасия Лаврова - Камилла Лутц (Франция) 0:4;

Зәуреш Ақашева - Мима Ито (Жапония) 0:4;

Зәуреш Ақашева/Анастасия Лаврова - Аннетт Кауфманн/Сабина Винтер (Германия) 1:3;

Денис Жолудев/Сағантай Құрмамбаев - Хармит Десай/Мануш Утпалбхай Шах (Үндістан) 0:3;

Кирилл Герасименко/Анастасия Лаврова - Трулс Морегард/Кристина Каллберг (Швеция) 0:3;

Айдос Кенжеғұлов/Зәуреш Ақашева - Лим Джонхун/Шин Юбин (Корея) 0:3;

Кирилл Герасименко/Алан Құрманғалиев - Фан Жендонг/Ван Чуцин (Қытай) 0:3.

Әлем чемпионаты жалғасуда.

Талап Қойбағаров