Хорватиядағы өкілдік турнир

01.04.2024

Загребтен (Хорватия) солтүстікке қарай 81 км жерде Драва өзенінде Вараждин қаласы орналасқан, онда бүгін үстел теннисінен "WTT Feeder" халықаралық турнирі басталады. 232 қатысушының арасынан 12 спортшы әлемдік рейтингтің ТОП-50-не шығады, оның ішінде Қазақстан құрамасының көшбасшысы Кирилл Герасименко (37-ші) бар. Кириллмен бірге Хорватияда еліміздің атынан Дастан және Айдос Кенжеғұловтар, Санжар Жұбанов, Сарвиноз Мирқадирова және Анастасия Лаврова өнер көрсетеді.

Талап Қойбағаров