Халықаралық деңгейдегі үстел теннисі орталығы

05.04.2022

Павлодарда 9 ай ішінде салынған және (ITTF) Халықаралық үстел теннисі Федерациясының барлық талаптарына толық сәйкес келетін "Jenimpaz" ("Жеңімпаз") үстел теннисі орталығы белсенді жұмыс істеуде.

- Нысанның жалпы ауданы 2 600 ш.м. құрайды.;

- Жалпы ауданы 1800 ш.м. асатын негізгі зал 15 теннис үстелдеріне есептелген;

- "Butterfly" фирмасының кәсіби спорттық жабдықтары;

- Арнайы еден жабыны;

- Жарықтандыру 1500 Люкс;

- Негізгі залдың төбесінің биіктігі 7,5 метр.

Орталықта көрермендерге арналған трибуналар, жаттықтырушылар, төрешілер, шешіну бөлмелері, мүкәммал, медициналық және кеңсе кабинеттері бар. Ең жоғары деңгейдегі жарыстарды өткізу үшін тамаша жағдайлар.