Халықаралық аренада үлкен жеңістер тілейміз

04.05.2023

Ердәулет Оразбаев үстел теннисінен Қазақстан Республикасы кадеттер құрамасының аға жаттықтырушысы лауазымына тағайындалды. Құттықтаймыз және халықаралық аренада үлкен, жарқын жеңістер тілейміз!

Ердәулет Оразбаев - спорт шебері, жеке және жұптық разрядтарда еліміздің жасөспірімдер мен жастар чемпионатының жеңімпазы, жеке есептегі ҚР Спартакиадасының қола жүлдегері, "Оңтүстік Астана" халықаралық турнирінің чемпионы, Азия чемпионатының қатысушысы. 2018 жылдан 2023 жылға дейін Шымкент құрама командасын басқарды, оның басшылығымен Қазақстан чемпионаттарында, республикалық спартакиадада барлық дәрежедегі жүлделер жеңіп алынды.

Талап Қойбағаров