Кез-келген ауа-райында ойнаймыз

04.09.2020

Үстел теннисі әлемде кеңінен танымал болып келеді: спорт дүкендерінде ракеткалар, теннистік доптар, теннис киімдері сатып алынуда, ал көшелерде ойындар үшін кез-келген ауа-райына арналған теннис үстелдері жасалды. Олардың негізгі ерекшеліктері – мықты құрылым, ылғалға төзімді жабын, кез-келген ауа-райынан аман қалады. Жақында Нұр-Сұлтан қаласында Алматы ауданы әкімдігінің, Қалалық үстел теннисі федерациясының қолдауымен Есіл өзенінің жағалауында ("Британский квартал" ТК ауданы) кез-келген ауа-райына арналған 5 теннис үстелі орнатылған ойын алаңы салынды. Алматы ауданының әкімі Бектебай Есполов, Республикалық үстел теннисі Федерациясының бас хатшысы Данил Пак, Қалалық үстел теннисі Федерациясының төрағасы Абзал Сағымбаев, Қазақстан Республикасының мемлекеттік жаттықтырушысы Руслан Жетубаев, спортшылар жаңа үстелдерді сынап көріп, риза болды. Аудан әкімімен 2021 жылы кез-келген ауа-райына арналған 100 дана теннис үстелдерін қосымша орнату туралы ауызша уағдаластыққа қол жеткізілді. Ғабиден Сағымбаев дайындаған бейнетаспаны көрейік. https://www.instagram.com/p/CEruOpDngc7/

Талап Қойбағаров